Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Полковник И.Күлшімбаев: «Халқымыз тәуелсіз Қазақстанның нығаюы мен дамуына себепші болған дұрыс таңдауын жасады»

Полковник И.Күлшімбаев: «Халқымыз тәуелсіз Қазақстанның нығаюы мен дамуына себепші болған дұрыс таңдауын жасады»

PDF Баспаға жіберу
26.11.2015 04:42

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні – бүгінде  ұлттық мерекеге айналған мемлекеттік мейрам болып табылады.

Қазақстандықтар алғашқы бүкілхалықтық сайлауда Тұңғыш Президенттері ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты таңдаған тарихи күннен 24 жыл өтті. Халқымыз тәуелсіз Қазақстанның нығаюы мен дамуына себепші болған дұрыс таңдауын  осы екі онжылдыққа ғана жасап қоймай, келешекте мемлекетіміздің ілгері жылжуына да негіз қалаған болатын.

Тұңғыш Президентпен бірге біз абыроймен қиын кезеңдер мен белестерден өттік. Елбасының басшылығының арқасында халқымыз ертеңгі күнге сеніммен қарайтын болды. Бүгінгі күні Қазақстанды күллі дүние жүзінде бейбітшіл, гүлденіп келе жатқан мемлекет ретінде таниды.

Мемлекеттің саяси егемендігін нығайту, экономикада нарықтық қарым-қатынасты орнату, халықаралық саяси серіктестермен мықты байланысты жасау бойынша Мемлекет басшысының әрекеттері – Тұңғыш Президенттің шын жетекшілігінің нағыз мысалы болып табылады.

Барша қазақстандықтарды  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құтықтаймын! Баршаларыңызға бейбітшілік пен береке, бақыт пен жақсылық тілеймін!

 

Астана қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары

Полковник Ибрагим Күлшімбаев


 
Система Orphus