Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық Өрт сөндіру қызметі планшеттерін үшін қаланың «Мобильді картасын» енгізді

Астаналық Өрт сөндіру қызметі планшеттерін үшін қаланың «Мобильді картасын» енгізді

PDF Баспаға жіберу
27.11.2015 04:40

Астана қаласы өртке қарсы қызметінің гарнизонында ақпараттық технологияларды дамыту шеңберінде онлайн режимде өрт сөндіру гидранттары және қала нысандарының сипаттамасы туралы ақпараттан хабардар етуге мүмкіндік беретін «Андройд» операциялық жүйесі базасындағы  «Мобильді карта» модулін құрастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұл жұмыстар 2014 жылдан бері қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстың мақсаты - шығу аудандарының картасы мен өрт сөндіру гидранттары, су қоймалары салынған қағаз планшеттерді, сондай-ақ қағаз жүзіндегі жедел жоспарлар мен карточкаларды қолданыстан  алып тастау  болып табылады.

Қағаз жүзіндегі ақпараттардың кемшілігі бірқатар: ақпараттарды жаңартудың қиындығы, яғни тұрақты өзгерістер үшін үлкен көлемді қағаздарды басып шығару болып табылады. Сондай-ақ қағаз үлгісінің кемшілігіне нақты, толық ақпараттардың, әсіресе жыл сайын өзгеріске ұшырайтын гидранттар туралы ақпараттардың орналастыруының шектеулігін жатқызуға болады. Тағы бір кемшілігі - 1-2 данада ғана шығарылып, ал ол өз кезегінде тәжірибе жүзінде аздық ететіндігін атап айту керек.

Аталған  шектеулерді алып тастауға АРМ диспетчер бағдарламалық кешенінде бар электронды карталары мүмкіндік берді. Біріншіден, жыл сайынғы тексерулер нәтижесі бойынша өзгеріп тұратын және оларды өрттерде қолдану кезіндегі, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде және басқа да шығулар кезінде, сондай-ақ сумен жабдықтау ұйымдарымен жыл сайынғы жұмыс нәтижесі бойынша өрт сөндіру гидранттары мен су қоймаларының жағдайлары. Екіншіден, КҚЖБО серверінде өрт сөндіру карточкалары мен жедел жоспарлардыжаңартуға және сақтауға және онлайн режимінде оларға қол жетімділік мүмкінкіндігі пайда болды.  Үшіншіден, бірмезгілде қолданатын планшеттермен смартфондар санына шектеу қойылмаған.

Осылайша, қарауыл бастықтары  нысанға жету кезінде планшет немесе смартфон көмегімен нысандардың сипаттамасына, өрт  сөндіру гидранттары мен су қоймалардың сипаттамасымен  орналасуын көруіне болады.

«Мобильді карта» интерфейс модулінің сипаттамасы ыңғайлы және оңай: автоланудан кейін көшелердің нөмірлері мен атулары, үйлер мен олардың нөмірлері және нөмірленген гидранттар және су қоймалары көрсетілген қаланың картасы ашылады. Сондай-ақ дұрыс бағыт алуға септігін тигізетін көгал алаңы, жасыл алаптар, өзендер мен көлдер болуы мүмкін.

Карта аумағының көрінуі экран бойынша саусақпен жылжыту арқылы, көлемін өзгерту + және  -  басу арқылы немес екі саусақпен жүзеге асырылады.

Ағымдағы көлемнің параметрі жасыл алаңда көрініп тұрады. Көрінетін аумақтың керектісін іздеу керекті мекенжайды теру арқылы жүзеге асырыладынемесе ағымдағы шығу нысандарының тізімінен табуға болады. Сондай-ақ, жарамды гидранттар мен су қоймалар көзбен шолу арқыл ақ-көк түстер арқылы ажыратылады. Жарамсыздары ақ-сұр түспен көрсетіледі. Нөмірі оң жағында көрініп тұрады.

Өрт сөндіру гидранттарына немесе су қоймаға басқан кезде қосымша байланыс мекен-жайы мен белгінің бары және оның орналасуы көрсетілген сипаттама терезесі ашылады. «тип» жолағында гидранттар үшін диаметрі мен құбыр желісінің түрі, ал су қоймалар үшінолардың көлемі шаршы метрмени көрсетілген. Сондай-ақ жарамсыздардың тізімі көрсетілген және гидранттың/су қойманың соңғы тексерілген мерзімін, ақпараттың растығына жауапты тұлғаның аты-жөні көрсетіледі.

Нысандардың сипаттамасын алу үшін  картадағы оның суретіне басу жеткілікті. Осы жерде оларға байланыстырылған жедел жоспарлар мен өрт сөндіру корточкалары файлдарының тізіміне қол жеткізуге болады. Атын таңдағаннан кейін оның серверден оның жүктелуі болады  және файлдарды көруге болады.

Астана қаласында жаңа нысандарды пайдалануға беру кезінде модулде орналасқан  тиісті баптауларды қолдана отырып, өрт сөндіру гидранттарды енгізу мүмкіндігі бар.

Бар гидрантты (немесе жаңа құрылған) басу кезінде және түзетуге рұқсат болса оның сипаттамасын өзгертуге (немесе бірінші рет толтыруға) және сақтауға болады.

Мекенжайға байланыстыру байланыс ғимаратына саусақпен басу арқылы, гидранттың терезесін жаппай, соның ішінде ғимараттың мекенжайы қызыл әріппен белгіленген тиісті терезе жолағына шығады.

«Текст» түмешігіне басу картаның барлық мәтіндікнысандарын жасырады немесе қайта көрсетеді. «Текст»түймешігінің қажеттілігі сипаттаманы алу үшін оған басуды техникалық қиындататын кейбір жағдайларда мәтін келесі ғимарат немесе гидрантты өзімен көрсетпей тұруына байланысты туды.

Түзетуге немесе көруге құқыққа қол жеткізуге, қолданушылар тізімінің өзгеруін КҚЖБО қызметкерлері жүзеге асырады, апта сайын «Мобильді карта» модулінің әкімшісі құқығыменжүзеге асырады.

Картографиялық модульдің дамуы осымен аяқталған жоқ, оны толтыру, жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда. 

 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Р.Н.Амрин


 
Система Orphus