Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық құтқарушылар Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Назарбаев- дәуір-тұлға» фильмін көрді

Астаналық құтқарушылар Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Назарбаев- дәуір-тұлға» фильмін көрді

PDF Баспаға жіберу
30.11.2015 09:35

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, қаламыздың барлық өрт сөндіру бөлімдерінің құтқарушылары «Назарбаев-дәуір-тұлға» фильмін көрді. Аталмыш фильм тәуелсіз мемлекеттің нығаю жолы жайында, бұл жолда аса маңызды рөлге ие болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында баяндалады.

Көрсетілген фильмде мемлекетіміздің тарихындағы маңыды оқиғалар келтірілген: Кеңестер Одағының  тарауы, қиын 90-шы жылдар,  Тәуелсіздікке қол жеткізу, Ұлттық валютаның енгізілуі, астананың ауысуы.  Аталған кезеңдердің әрбіреуінде ең маңызды шешімдерді қабылдау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жүктелген болатын.

Сонымен қатар, фильмде Қазақстан халқы Президентке қаншалықты сенетіндігі жайында да айтылады. Себебі Тұңғыш Президентпен Қазақстан халқы барлық кезеңдер мен қиындықтарды  өткерген болатын.  Елбасының  басшылығымен тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде халқымыз ертеңгі күніне сеніммен қарай білді. Бүгінде Қазақстан -  барлық дүниежүзіне тату, гүлденіп келе жатқан мемлекет ретінде танылды.


Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus