Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт сөндіру қызметінде өртті талдау жүргізілді

Өрт сөндіру қызметінде өртті талдау жүргізілді

PDF Баспаға жіберу
28.11.2015 09:16

Қарашаның 28-і күні Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және құтқару қызметінде» қарашаның 25-і күні Абай көшесі 72Б мекен-жайы бойынша орын алған өртке талдау жүргізу бойынша кеңес өтті. Кеңесте Департамент бастығының  орынбасары  өртке қарсы қызмет полковнигі М.Қайсанов төрағалық етті.

Кеңеске «Өрт сөндіру және құтқару қызметі» ММ-нің басшылығы мен қызметкерлері, аталмыш өртті ауыздықтауға қатысқан мамандар мен Департамент қызметкерлері қатысты. Өртті талдау жұмыстары өртті сөндіру барысындағы іс-қимылдарды нақыштау мен жұмысты ұйымдастыру мақсатында, бөлімше қызметкерлерінің дайындық деңгейлерін нақытау мен ұштау мақсатында жүргізілді.

Кеңес барысында келесі тақырыптардағы баяндамалар тыңдалды: «Нысанның мінездемесі мен өрттің пайда болуының  алдын-ала жасалған себептері»,  «Өрттің пайда болуының болжамдық себебі», «Өрт туралы хабар келіп түскенде жасалған әрекеттер» және т.б. Сонымен қатар, оқиға орнында түсірілген фото және бейне материалдар қарастырылып, редиобайланыстағы хабарламалар тыңдалды, жауынгерлік қанат жаюдың сызба қарастырылды, ауа райы жағдайының анализы жасалды.

Жиналстың қорытындысы бойынша Департамент бастығының орынбасары  өртке қарсы қызмет полковнигі М.Қайсанов аталмыш өрт оқиғасын талдап, жеке құрамға жұмысты жетілдіру бағытында бірқатар тапсырмалар берді.


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus