Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖД қызметкерлері «Қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздік» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді

Астаналық ТЖД қызметкерлері «Қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздік» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді

PDF Баспаға жіберу
08.12.2015 10:24

Желтоқсанның 3-і күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері   Астана қаласы  Білім басқармасымен бірігіп «Қыс мезгілінде мұздағы қауіпсіздік» тақырыбында интерактивті сабақ ұйымдастырды. Сабаққа қаламыздың 50 мектебінен 1250 оқушы қатысты.

Астана қаласы бойынша «Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің бас құтқарушы Т.А.Зуева және Астана қаласы ТЖ департаментінің ТЖЖБ бас маманы А.Ж. Нуркина қауіпсіздік шарттары мен мұз астына кеткен жағдайда қолдануға қажетті әрекеттер жайында баяндап берді. «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Е.Жүнісов пен  фельдшер Е.Маусынбеков үсік кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің шарттары мен ережелері жайында айтты.

Сабақ барысында  оқушыларға  тақырыптық слайд көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарын  қоюға  мүмкіндік болды.





Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus