Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астананың Өрт сөндіру қызметі «Алау» мұз айдыны сарайында түнгі оқу-жаттығуларды өткізді

Астананың Өрт сөндіру қызметі «Алау» мұз айдыны сарайында түнгі оқу-жаттығуларды өткізді

PDF Баспаға жіберу
07.12.2015 04:00

Желтоқсанның 4- 5-не қараған түні түнгі сағат 00:00-де астаналық Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері «алау» мұз айдыны сарайында түнгі оқу-жаттығуларды ұйымдастырды. Жаттығудың тақырыбы: «Адам көп шоғырланған жерлерде өртті сөндіру».

Жоспар бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан электр желілері мен тоңазытқыш бөлмесіндегі жылытқыштан өрт шыққан. Автотехникадағы өртті байқаған кезекші қызметкерлер қолда бар құралдармен өртті сөндіруге кіріседі, электр энергиясын сөндіріп, өрт жайында өртке қарсы қызметке хабарлайды. «101» нөмірі бойынша қабылданған қоңыраудан соң, автоматты түрде №3-ші шақырту жаряиланады. Шақыртуларға шығу кестесіне сәйкес бөлімшелер оқиға орнына жол тартады. Өрт орнына 16-МӨСБ-нің кезекші қарауылы АЦ, АЛ-32, АСА-2 көліктерімен жетеді. Тоңазытқыш бөлесінде орын алған өрттің салдарынан қалың түтін орын алады. Шартты өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт орнына үшінші нөмірлі шақырту бойынша ГТҚҚ, жеке құрам қызметкерлері мен өзара әрекет ету қызметтері, арнайы техника жетеді. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Нысанның әкімшілігімен нысандағы қызмет етуші адамдардың тізімі салыстырылды.

Өрт сөндірудің шұғыл штабы 3 жауынгерлік учаскіде құрылды. 00 сағат 30 минутта өрт ауыздықталып, 00 сағат 50 минутта толығымен жойылды.

 


Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus