Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Алматы» ауданының әкімдігінде адамдар көп шоғырланған жерлердегі қауіпсіздік тақырыбында отырыс өтті

«Алматы» ауданының әкімдігінде адамдар көп шоғырланған жерлердегі қауіпсіздік тақырыбында отырыс өтті

PDF Баспаға жіберу
07.12.2015 09:28

Желтоқсанның 7-і күні «Алматы» ауданының әкімдігінде Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында адамдар көп шоғарланатын жерлердегі қауіпсіздік тақырыбында кеңес өтті. Жиналысқа жерлгілікті атқарушы органдарының басшылары мен ірі сауда және сауда-ойын сауық орталықтарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында баяндамасымен астаналық ТЖД «Алматы» ауданы ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.А.Ақтаев сөз сөйледі. Өз баяндамасында Жасұлан Ақтаев тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, шыршаларды орнату барысында ережелерді елемеу сынды мәселелерге назар аударды. Ал бұл немқұрайлық адамдардың түрлі жарақаттар алуына себепші болатынын тілге тиек етті. Сауда және сауда-ойын сауық орталықтарының өкілдері өз кезектерінде, жаңа жылдық мереке күндері қарсаңында қолға алынған қауіпсіздік іс-шаралары жайында баян етті.

 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus