Қалыпты нұсқасына көшу Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де жемқорлықты алдын алу психологиялық тренингі өткізілді

Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-де жемқорлықты алдын алу психологиялық тренингі өткізілді

PDF Баспаға жіберу
11.12.2015 11:50

9 желтоқсан күні 16-МӨСБ-де орналасқан психологиялық босаңсу бөлімінде Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадрлық жұмыс бөлімінің бас маман-психологы азаматтық қоғау лейтенанты А.У.Мукушева жемқорлық жасау көрсеткіші жоғары топтарға жатқызылатын қызметкерлермен тренинг өткізді.

Тренинг Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығымен бекітілген бағдарлама бойынша «Жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу, жауапкершілікке үйрету бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Тренингте жемқорлық туралы, пайда болу себептері мен олардың дамуына әсер ететін факторлар туралы теориялық білімін зерделеді. Сондай-ақ жемқорлық бұзушылығы үшін жауапкершілікті түсінуге эмоциялық әсер ететін тәжірибелік жаттығулар өткізілді.



Астана қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ