Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖ департаментінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Астаналық ТЖ департаментінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

PDF Баспаға жіберу
15.12.2015 12:01

Желтоқсанның 15-і күні Астаналық ТЖ департаментінде Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Дұзақбаев , ТЖ органының ардагерлері және Депараменттің жеке құрамы қатысты.

Мерекелік іс-шараны Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары   полковник И.Д.Күлшімбаев  және ТЖ органының ардагері  Абдрашев А.А. ашты. Олар өз құттықтау сөздерінде әрбір қазақстандық үшін мерекенің маңыздылығын және 24 жылдық тәуелсіздік әлемдік деңгейде танымалдылығын баса айтты.  Іс-шарада ҚР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Қ.Н. Қасымовтың Тәуелсіздік күнімен құттықтау сөзі оқылды. Және де Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлері ант қабылдады.

Салтанатты іс-шара барысында департамент басшысы  Б.Дұзақбаев бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттарын табыс етті.

Бұдан басқа,  Барат Оспанұлы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің атынан ағымдағы жылдың 10-шы  желтоқсанында №73 мектеп-лицейінің маңайында құдыққа құлап қалған  9 жасар қызды ажал ауызынан құтқарып қалған Жүнісбеков Асқар Талғатұлын алғыс хатпен және сыйлықпен марапаттап, алғысын білдірді.

«Адам өмірін құтқаруда көрсеткен жанқиярлық ерлігіңіз Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпағы үшін нағыз үлгі-өнеге болып табылады! Сіздей өжет, ержүрек, өзгелердің қайғысына немқұрайлы қарамайтын азаматты тәрбиелеп өсірген ата-анаңызға мол денсаулық тілеймін!  Сізге зор денсаулық, алға қойған армандарыңыз пен мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін.» -деп атап өтті Барат Дұзақбаев.

Ал Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің қызметкерлері концерттік бағдарламаларымен жиынға қатысушыларды қуантты.

Тәуелсіздік – бұл бостандық пен бірліктің символы, мемлекетіміздің дамуының берік негізі болып табылады.  1991 жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған еді.

Осы күні Қазасқтанның азаматтары ата-балаларымыз армандағын бостандық пен тәуелсіздікті таңдады. Біздің ұрпаққа аталмыш қасиетті өсиетті орындау мүмкіндігі туды.  Біз өзіміздің жеке, әлемдік қауымдастық мойындаған қазақстандық жолымызды бастадық.


Астана қаласы ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus