Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушісі «Бүгін жексенбі» бағдарламасының кейіпкері

Астаналық Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушісі «Бүгін жексенбі» бағдарламасының кейіпкері

PDF Баспаға жіберу
22.12.2015 15:52

Желтоқсанның 22-і күні Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің 5-МӨСБ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау аға лейтенанты Райымбеков Сағынжан Құдайбергенұлы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Бүгін жексенбі» бағдарламасының кейіпкері болды. Бағдарламаның мерекелік саны, мереке күндері де ел игілігі үшін талмай қызмет ететін мамандық иелеріне арналған болатын.

Сағынжан Райымбеков көрермендерге өрт сөндірушілердің мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс атқаратындықтары жайында айтып, жаңа жылдық безендендіру кезінде өрт қауіпсіздігін ұмытпау қажеттігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, кейіпкер жаңа жылдық мереке күндері ауысымда орын алған қызықты оқиғасын да есіне түсірді.

Астана қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 24 сағат бойы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үстінде. Демек, жаңа жылдық мереке күндері әр азаматтық қауіпсіздігі өз қолында екендігін де естен шығармау қажет. Астана қаласының Өрт сөндіру қызметі ескертеді: мереке күндері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар! Мереке күндері тек қуанышты естеліктер қалдырсын.

Бағдарлама желтоқсанның 27-і күні сағат 09-00-де эфирге шығады.

 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus