Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖД қызметкерлері ІІД-мен бірлескен рейд өткізді

Астаналық ТЖД қызметкерлері ІІД-мен бірлескен рейд өткізді

PDF Баспаға жіберу
22.12.2015 18:24

Желтоқсанның 21-і күні Астана қаласы ТЖД мен ІІД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдар сатылуы мүмкін сауда орындарында бірлесіп жедел алдын-алу іс-шарасын ұйымдастырды.

Халықты бұл іс-шаралармен кеңінен ақпараттандыру мақсатында, жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері жұмылдырылды. Астана қаласы ТЖД қызметкерлері БАҚ өкілдеріне аталмыш іс-шаралардың тұрғындар үшін маңыздылығына тоқтала кетті.

Рейд барысында ірі және кішігірім сауда нүктелері тексерілді. Астана қаласы ТЖ департаменті мен ІІД қызметкерлері өз кезектерінде, тауарлардың сақталу, саудалану режелеріне сәйкестігі мен өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударды. Рейд барысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз саудалаудың бір фактісі тіркелді. Аталмыш тауарлар ІІД қызметкерлерімен саудадан алынды.

 

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus