Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Жемқорлық – әлеуметтік індет

Жемқорлық – әлеуметтік індет

PDF Баспаға жіберу
24.12.2015 16:15

Жемқорлық бұл- індет. Себебі жемқорлық- мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетіп, заңсыз ақша айналымын тоқтатуға бағытталған іс-қимылдардың елеулі табыстарға жеткізгендігін Сингапур, Гонконг, Швеция мемлекеттері дәлелдеді. Бұл мысалдар «дертті» емдеуге болатынын, сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерінің бар екендігі және принципті әр жүйелі сипатқа ие болған жағдайда, олардың айтарлықтай тиімді болатынын дәлелдей алды.

Осыған сәйкес, қазіргі таңда Елімізде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда, жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтындығы ақиқат.

 

Астана қ . ТЖД-нің Техникалық нормалау бөлімі азаматтық қорғау майоры А.Бралин


 
Система Orphus